Қазақстан аймақтарындағы медиалар ауыр кезеңді бастан кешіп жатыр. Ақша жоқ, білікті маман тапшы, технология жағынан артта қалған. Бұған қоса, мемлекеттік органдардан да қысым көреді. Осының бәрі өңірлік тәуелсіз журналистиканың болашағына зор қауіп төндіріп тұр.